Пандус жоқ: мүгедек жан баспалдаққа еңбектеп шықты

Пандус жоқ: мүгедек жан баспалдаққа еңбектеп шықты

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі жанның баспалдаққа еңбектеп шыққан видеосы қызу талқылануда. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Белгілі болғандай,  мүгедек ер адам пандустың жоқтығынан "Қазпошта" ғимаратына кіре алмай сан соққан.  Қарағанды қаласындағы қарттар үйінің тұрғыны "Амалдың жоқтығынан осындай қадамға баруға мәжбүр болдым",  дейді. Себебі бес жыл қатарынан кез келген тауарды үйіне дейін жеткізіп отырған мекеме, биыл бұл қызмет түрін алып тастапты.  Тіпті, әлеуметтік қызметкерге де шетелден келген тауарды  сеніп тапсыра алмайтынын айтқан. Дегенмен, "Қазпошта" өкілінің айтар уәжі басқа.

Тимур МҰХАМАДЕЕВ, "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі: «Біздің мекеменің қызметіне жүгінген клиентке қатысты айтатын болсақ, оның  әлеуметтік қызметкерге берген сенімхаттың мерзімі өтіп кеткен. Салдарынан, осындай қиындықтар туды. Сонымен қатар, азаматтың мекемеге кіріп-шығуына кедергі тудырған бірнеше фактор үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі таңда мекеме басшылығы, зейнеткермен кездесуде.  Сондай-ақ сәуір айында пандус мәселесі шешіледі».  

Жүктелуде...