Қазақстандық режиссердің сценариі халықаралық байқауда үздік деп танылды

Қазақстандық режиссердің сценариі халықаралық байқауда үздік деп танылды

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова When East Meets West бірлесіп кино өндіру форумының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Байқауда отандасымыз «Победителей видно на старте» жобасын таныстырды. Жаннат Алшанова толық метражды фильмінің сценарийі үшін Сербия кино орталығының атынан 5 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Қаңтардың аяғында өткен фестивалға 56 елден 387 өтініш түскен.

Жаннат Алшанова, режиссер Бұл туынды жүзу мектебіне түскен жас келіншектің өміріндегі өзгерістер туралы баяндайды. Мен осы сценарий бойынша фильмді Қазақстан аумағында түсіремін. Халықаралық байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді бұл сценарий бойынша фильм түсіру үшін қомақты қаражат керек.

Жүктелуде...