Әсет Тұрысов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі: Қазір бұл ерікті жоба. Қалаған адам тест нәтижесін көрсетеді, бағдарламаны жүктейді. Адамдарға ешкім міндеттей алмайды. Әзірге пилотты жоба ретінде қолға алдық. Кейін нәтижесіне қарай шешім қабылданады.
Елімізде қоғамдық орындарға QR-кодпен кіргізу пилотты жобасы басталды
Елімізде қоғамдық орындарға QR-кодпен кіргізу пилотты жобасы басталды
Қызметі шектелген кинотетрлар, тағамдану орындары, SPA-жайларға кіруге арналған пилотты жоба қолға алынды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24» -ке сілтеме жасап. Енді осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет.
Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл түсін көрсетеді. Қызылы қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді. Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни үйінен 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. Көк – ПТР-тест сұралмайтын жерлерге шектеу жоқ деген белгі. Жасыл – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін ұқтырады. ПТР-тест тапсырған болсаңыз, арнайы базада мәліметіңіз тұрады. Сол жерде тест нәтижесі түстің бірін көрсетеді. «Ашық» қосымшасын телефонға жүктеп алуға болады. Дегенмен, қазір бағдарлама жұмыс істеп тұрған жоқ.