COVID-19 жағдайында дәрігерлер қанша сыйақы алады?

COVID-19 жағдайында дәрігерлер қанша сыйақы алады?

ашық дереккөзі

Бүгін, 28 сәуірде Арманжан Байтасовтың Инстаграмдағы парақшасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасының қатысуымен тікелей эфир өтті. Спикер оқырмандардың карантин кезіндегі емделуіне, төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істейтін дәрігерлерге берілетін жәрдемақыға және басқа да маңызды тақырыптағы сұрақтарға жауап берді.  width=                                               COVID-19 профилактикасына республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде: инфекциялық, уақытша және карантиндік ауруханаларда емделген жағдайларға 14,7 млрд. теңге, диагностикалық зерттеулерге 5,4 млрд, медициналық қызметкерлердің жалақысына төленетін сыйақы 35,8 млрд. теңге (21 877 адамға). Наурызда осы сомадан 3,4 млрд. теңге 17,7 мың медицина қызметкеріне сыйлықақы төлеуге жіберілді. КВИ-мен байланысты жұмыстарды төлеу үшін Қор тиісті қызметтерге тарифтер жасады: 1. Ауруханаға карантинге жатқызу мөлшері - 10 413,96 теңге. 2. Алдын ала ауруханаға жатқызу тарифі - 11 619,80 теңге. 3.Тәулік бойы жұмыс істейтін аурухананың инфекциялық бөліміндегі емделушіге арналған тариф 15 113,34 теңгені құрайды. 4. ПТР бойынша COVID-19 тестін өткізу - 11 499 теңге. Бұл тарифтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген. Есіңізде болсын, егер Сізде МӘМС бойынша қызмет көрсету туралы сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына 1406 тегін нөміріне хабарласыңыз.

Жүктелуде...