Бұл барып тұрған әділетсіздік: Тоқаевқа ашық хат жолдаймын − Цой

Бұл барып тұрған әділетсіздік: Тоқаевқа ашық хат жолдаймын − Цой

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық әнші Анатолий Цой өзінің арманы мен алға қойған жоспарымен бөлісті. Шетелде өзін мойындатып үлгерген Цой «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иемденуге лайық екендігін айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. Тіпті, бұл үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдауға дайын екендігін жасырмады. Әнші «Без фильтров» бағдарламасында жеті жылдан аса Ресейде тұрса да, азаматтығын ауыстырудан үзілді-кесілді бастартқандығын айтты. «Талай адам маған ресейлік паспорт алуды ұсынды, шыны керек. Алайда, маған оның еш қажеті жоқ. Мен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алғым келеді. Бұл менің бала кезден бері келе жатқан арманым десем болады», − дейді ол ағынан жарылып. Айта кету керек, қазақстандық әнші бұл туралы бұған дейін жақ ашқан емес. «Осы күнге дейін мемлекеттік жиындардан қалмай, әнімді шырқап бердім. Жылдар бойы талмай еңбек еттім. Миллиондаған қайырымдылық концертін өткіздім. Бұл барып тұрған әділетсіздік дер едім. Өзімді осы атаққа лайықпын деп есептей отырып, Президентімізге хат жазатын боламын», − деп сөзін қорытындылады Анатолий Цой.

Жүктелуде...