Сайрам ауданында апатты мектептер мәселесі 100 % шешімін тапты

Сайрам ауданында апатты мектептер мәселесі 100 % шешімін тапты

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысы, Сайрам ауданында апатты мектептердің мәселесі 100% шешімін тапты. 2020 жылы  ауданда 1,7 млрд. теңгеге 7 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізілді. Оның ішінде 1200 орындық 2 жаңа мектеп, 300 орындық 3 мектептің қосымша ғимараты пайдалануға тапсырылды. Тағы 2 нысан 2021 жылға өтпелі. Сондай-ақ, Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында №92 жалпы орта мектебіне 600 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  width= Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылында 3 тілде оқытатын  1200 орындық «Низамхан Сулайманов» атындағы жекеменшік мектеп ашылды.  Жалпы, былтырғы жылы бюджеттен Қарабұлақ ауыл округіне барлығы 257,5 млн. теңге қаржы бөлініп, мақсатты игерілді.  width= 2021 жылға 244,1 млн теңге қаржы қаралып, тиісті жобалар мен жұмыстарды іске асыру көзделіп отыр. Яғни, Қарабұлақ ауылындағы 2 мектепке 17,1 млн. теңгеге қосымша оқу корпустарының құрылысының жобалық сметалық құжаттары әзірленеді. 62,5 млн теңгеге 2 көше орташа жөндеуден өтеді.

Жүктелуде...