

«Өткен аптаның соңғы күндері жел мен жауған қар салдарынан Түркістан, Кентау қалалары мен Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Созақ, Түлкібас, Сайрам аудандарында 34 773 абонент электр жарығынсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарына жалпы 20 бригада, 65 жеке құрам, 18 бірлік техника жұмылдырылған. Дегенмен, қарлы боран салдарынан зардап шеккендер жоқ. Облыс тұрғындары егер ауа райы қолайсыз болған жағдайда жолға шықпағаны абзал», - Т. Досалиев.Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында сөз алған «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-ң бас директорының орынбасары Ерлан Мелдебековтың айтуынша, Түркістан қаласын жарықпен қайта қамту үшін 65 маман күні-түні жұмыс істеген. Бүгінгі таңда шаһарда 100% жарық бар. Негізінен, қалада 900-ден астам трансформатор болса, оның 165-і ғана аталған мекеме қарамағында. Қалған трансформаторлар қалалық инфрақұрылым бөлімі мен жеке азаматтарға тиесілі.