ІІМ жаңа сервис қосымшасын іске қосты

ІІМ жаңа сервис қосымшасын іске қосты

ашық дереккөзі

 width=

Ішкі істер министрлігі бүгін жаңа сервис – 102 мобильді қосымшасын іске қосты.

Бұл туралы министр Ерлан Тұрғымбаев Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды. Мобильді қосымша оқиға жайында полицияға жедел хабарлау үшін жасалған.

«Министрлік халықтың үніне құлақ асу үшін ресми түрде елге ыңғайлы жаңа сервис –102 мобильді қосымшасын іске қосты. Қазір кез келген ақпарат тез таралады.  Сондықтан полиция да азаматтардың арыз-шағымына шұғыл жауап беруі керек. Оқиға туралы азаматтар әлеуметтік желіде жариялап, содан кейін полициядан араша сұрап жатады. Сондықтан қылмыстың ізін суытпай ашу үшін уақыт жоғалтпай шұғыл хабарлауға 102 мобильді қосымшасы өте ыңғайлы», – дейді министр.

Қосымшаның артықшылығы көп. Оқиғалар туралы қысқа хабарлама, фото, видеолар жіберуге және оқиға орнынан тікелей бейнеқоңырау шалуға болады. Сыбайлас жемқорлық, полиция қызметкері тарапынан жасалған бопсалау фактісіне тап болған жағдайда, ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметіне де хабарласуға болады. 102 қосымшасын Android жүйесіндегі смартфондарға арналған Play Market-тен және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store-дан жүктеуге болады.

Жүктелуде...