Ерке Есмахан өз ғашығы туралы бар шындықты айтты

Ерке Есмахан өз ғашығы туралы бар шындықты айтты

ашық дереккөзі

 width= Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі қалың көпшілік алдында "Ninety One" экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін растады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Ерке Есмахан ел көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасында жауап берген. Ол жеке өміріне қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойып, өз шындығымен бөлісті. Әнші атышулы "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді. "Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру да оңай емес, бір қарағанда" , - деп қысқа да нұсқа да жауап берді шоу-бизнес жұлдызы. Өнер иесінің бұл жазбасы бірден желі қолданушылар арасында қызу талқыланып, сансыз пікірлерге ие болды. Ерке Есмаханның өнердегі әріптестері де оның бұл мәлімдемесіне аса қатты таңғалған. Ал әншінің жанкүйерлері болса, оның жеке өмірінде болып жатқан жайттарды мойындағаны үшін қуанған.  

Жүктелуде...