Дүниежүзіне тараған індетті жеңіп шыққаны туралы алғашқы мемлекет ресми жариялады. Мұндай жаңалықты Атлант мұхитының жағалауында орналасқан, Батыс Африканың Мавритания мемлекеті жайып салды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі golos.ua-ға сілтеме жасап.
Жергілікті ақпарат көзінің Le Calame мәліметіне сенсек, соңғы күндері жұқпалы індеттің жұқтырушылар мүлде тіркелмепті.
АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Мавританияда бар жоғы 17 адам жұқпалы індетті жұқтырып, бір адам қайтыс болған. Ең алғашқы қатерлі індет елде 13наурызда тіркелген. Сол сәттен-ақ африкалық мемлекеттің билігі шекараларын тарс жауып, мектеп, базар, мейрамхана секілді көпшілік жиналатын орындарының жұмысын тоқтатқан. Сондай-ақ коменданттық сағат жарияланып, қаларалық жолаушылар тасымалдау қызметтері уақытша тоқтатылған. Осылайша өкімет тиісті шараларды орындаған соң, індет жұқтырушылар саны азая түскен. Індеттің қайта тааралып кетпеуі үшін, алдағы уақытта да мемлекет төтенше жағдайдан қалыпты жағдай жайлап шығуды көздеп отырғаны алға тартқан жергілікті басылым.
Сонымен қатар, әлем бойынша коронавирустың таралуын бақылап отыратын Worldometers.info ресурсының мәліметінше, Мавританиядан бөлек Грендландия, Сент-Барт және Сент-Люсия секілді аралдарда COVID-19 індеті толықтай жойылды.