weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда карантин шараларына түзету енгізілді

Алматыда карантин шараларына түзету енгізілді

Алматыда карантин шараларына түзету енгізілді
ашық дереккөзі
 width= Алматыда карантиндік шаралар күшейтілмейтін болды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Айтуынша, бұған қаланың коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа енуі себеп болды. Осылайша, қалада 2021 жылдың 28 қаңтарына дейін қолданыста болған шектеу шаралары өзгеріссіз қалады.
"Қаланың бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына карантиндік шараларды жеңілдетуге қатысты түзетулер енгізіледі", - деді Байғабылов.
Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті толық ақпаратты қосымша хабарлайтынын айтты. Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантин күшейтілетінін хабарлады. Қала ол кезде Covid-19 инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта болды. Ал 28 қаңтарда тиісті қауылға қол қойды. Ол бірінші ақпаннан бастап күшіне енуі тиіс еді.