Министрдің "ата-аналарды кешкі 6-дан кейін жұмыста ұстамау" жайлы ойы қандай?

Министрдің "ата-аналарды кешкі 6-дан кейін жұмыста ұстамау" жайлы ойы қандай?

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беру барысында "ата-аналарды кешкі 6-дан кейін жұмыста ұстамау" туралы ұсынысқа қатысты өз ойын ортаға салды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. "Парламент депутаттары "мемлекеттік қызметкерлер мен ірі кәсіпорындарда еңбек ететін ата-аналарды сағат 18:00-ден кейін жұмыста ұстамау керек" деді. Қосыласыз ба?", - деп сұрады министрден Нартай Аралбайұлы.

"Бұл кешенді проблема. Сағат алтыда ата-аналарды үйге жіберсек, мәселе шешімін табады деген сөз емес. Мұндай проблемаларды көтергенде ғылыми негізде оны зерттеуіміз керек... Алты-алты жарымда ата-аналардың үйіне баруы, жалпы қызметкерлердің үйіне қайтуы - бұл заңда белгіленген мәселе. Сондықтан, бұл әр адамның өзінің таңдауы, жұмыс берушінің шешімі деп ойлаймын. Сол себепті, бұл мәселе өз тәртібімен шешіледі деген пікірдемін... Бұл кешенді ведомствоаралық жұмыс болуы керектігімен келісемін", - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.

Жүктелуде...