Құлынтай Монай: Сұлулықтың соры?

Құлынтай Монай: Сұлулықтың соры?

ашық дереккөзі

 width= Құлынтай Монай, 1991 жылдың 16-шы қаңтарында дүниеге келген. Қарағанды облысы, Нұра ауданы. Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Ұсынылған біртартпа әңгімелер өмірден алынған. Қысқа ғұмыр... Сіз мешітке барыңыз, Аллаға сыйыныңыз, Алла бәрін береді... дегені сол еді ол бақилыққа атынап кетті. Жұбату Он жылдан астам ұлды күтіп жүріп, соңында бесінші қызы дүниеге келгенде, Аллаға шүкір етіп, жұмаққа баратынын еске алып, ол өзін жұбатты. Дәлелсіз ақиқат Дәрігер кеше ағамды әкелгенбіз, пневмания диагнозы. Денсаулығы қалай болды? Дәрігер қолына бір парақ қағазды ұстатты да, осы дәрілерді әкеліңіз деді... Жалғыздық... Жалғыздықтың үнін Құдай қана еститіні анық. Жалғыздық Аллаға қана жарасатыны белгілі. Бірақ өкініштісі сол ол Жалғыздықты суицид деп түсінді... Прадокс... Ол Алладан ұрпақ сүюді қатты әрі ұзақ сұрады. Кейін әжетханадан сәби тауып алды. Сұлулықтың соры? Сұлу қыз сізді құттықтаймыз! Тест көрсеткіші бойынша аяғыңыз ауыр. Түрінен қуаныш пен қайғы бірден көрінді. Үнсіздік. Тоғыз айдаң соң қоңырау шалып «Ана мен бала» қолдау орталығына такси шақырды... Вахта Түн. Поезд. Ұзақ вахтадан үйіне келе жатыр. Кеуде де жүрегі, қалтасында бір бума ақшасы бар. Жаңа үйленген әйеліне қатты асықты. Үйге кіре ұйықтайтын бөлмеге бет бұрды, екі адамның дауысы естілді.  Кейін «Адам қолынан қаза тапты» деген қорытынды жасалды. Бақытсыздық Әкесі жас қызды, Анасы бай жігітті тапты. Оларда бәрі дұрыс. Бірақ бала бақытсыз болып қалды...

Жүктелуде...