Белгілі журналист, Inforumburo.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының бас редакторы, "Үркер" сыйлығының иегері Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл туралы Бағдат Қожахметов өзінің әлеуметтік желісінде жазба қалдыры. 
Желіде достары мен жақындары көңіл айтып, ол туралы жазбаларын бөлісе бастады. Кейбірі тіпті өткен аптада ғана сөйлескенін жазып, сенбейтінін жеткізген.
Әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана"), "Открытый диалог" ("Хабар") телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды.
Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы Сыйлығының лауреаты (2018 жыл), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды.