Анықтама ештеңеге кепілдік бере алмайды!
– Не деген сандырақ еді. Анықтама пациенттің тест тапсырған кезде коронавирус жұқтырмағанын ғана растайды. Әлгі адам коронавирусты сынама тапсырған соң бес-он минуттан кейін жұқтырып алуы бек мүмкін. Бұл дегеніміз, анықтама ештеңеге кепілдік бере алмайды, ұшаққа мінген науқас өзге жолаушыларға оп-оңай ауру жұқтыра алады. Бірақ осы бір екі қала арасында ең алдымен тамыр-таныс арқылы ескі әдетпен анықтама алып алатын депутаттар, сенаторлар мен шенеуніктер ұшатынын ескерсек, ұша берсін дейміз, – деп жазыпты желіде журналист Ибраш Нүсіпбаев.