weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кенесары ханның ұрпағы шіркеу қызметкері екені рас па?

Кенесары ханның ұрпағы шіркеу қызметкері екені рас па?

Кенесары ханның ұрпағы шіркеу қызметкері екені рас па?
ашық дереккөзі
 width= Саясаттанушы, Еуразиялық ынтымақтастық институтының сарапшысы Самат Нұртаза Кенесары ханның ұрпағы деп шіркеу қызметкері киіміндегі ер адамның суретін жариялады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі жазды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі. - Суреттегі жас батюшка кім деп ойлайсыз? Бұл иеромонах - Серафим әкей. Шын есімі – Денис Анатолийұлы Кенесарин. Кенесары ханның үшінші ұлы Ахмет сұлтанның ұрпағы. Ахметтен – Әзімхан, Әзімханнан - Мадияр, Мадиярдан – Анатолий, Анатолийден – Денис (Серафим) дүниеге келеді. Айтпақшы, Әзімхан Кенесарин атақты Алаш қайраткері. Сталин заманында репрессияға ұшыраған. Әзімхан Кенесарин түрмеде отырғанда, немересінің есімі Анатолий болатынын ойламаған шығар - деп жазды ол.