Аша Матай ұлттық рухты көтергені үшін медальмен марапатталды

Аша Матай ұлттық рухты көтергені үшін медальмен марапатталды

ашық дереккөзі

 width=

Танымал тележүргізуші, актриса Аша Матай "Матай Бөрібай батыр" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бұл туралы өзі Іnstagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Мен "Матай Бөрібай батыр" төсбелгісімен, яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде "Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін" деп жазылыпты. Осы ретте еңбегімді жоғары бағалағаны үшін "Матай Бөрібай батыр" қорының ұйымдастыру алқасына алғысымды білдіремін", - деді Аша Матай.
Әнші бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайтынын атап өтті. Аша Матайдың шын есімі –  Ақбота Асқарбекова. 1988 жылы Алматыда заңгерлер отбасында дүниеге келген. "Шабыт" және "Жаһан дала" гран-приінің иегері. Актриса  "Біржан Сал", "Астана ғашықтар мекені", "Обратная сторона", "Коктейль для звезды", "Настоящий полковник", "16 қыз" фильмдеріне түскен. Ол көпшілікке атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі ретінде жақсы таныс. 2015 жылы Mysterions тобының мүшесі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шықты. Екі баласы бар.

Жүктелуде...