КСРО халық әртісі коронавирустан қайтыс болды

КСРО халық әртісі коронавирустан қайтыс болды

ашық дереккөзі

 width= КСРО халық әртісі Василий Лановой 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның әйелі, актриса Ирина Купченко хабарлады. Актер коронавирустың асқынуына байланысты бірнеше апта ауруханада болған. Василий Лановой 1934 жылы 16 қаңтарда Мәскеуде дүниеге келген. КСРО-ның болашақ халық әртісі сахна шеберлігін ерте жастан – Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін, астаналық Мәдениет сарайларының бірінің театр студиясына түскен кезде-ақ оқи бастады. 1951 жылы жас жігіттің таланты ресми түрде атап өтілді: Василий Семенович Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында арнайы дипломмен марапатталды. Халық оны «Офицерлер», «Әріптестер», «Мен найзағайға бара жатырмын», «Алып парус» және «Жас шаруа әйелі» фильмдері арқылы таниды.

Жүктелуде...