Зейнетақы жинағын алуға қатысты ержеге тағы да өзгеріс енді

Зейнетақы жинағын алуға қатысты ержеге тағы да өзгеріс енді

ашық дереккөзі

 width= Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасын жасату үшін зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтуынша, зейнетақы жинағын алуға қатысты ережеге сегізінші мақсат қосылды, ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. «Мұның ішіне экстракорпоральді ұрықтандыру процедурасы да кіреді», – дейді Ләззат Ибрагимова.
Зейнетақы жинағын қолдану ережелерін Денсаулық сақтау министрлігі келесі аптада жариялайды. «Келесі аптада бұл ережелер заңды күшіне енеді деп күтіп отырмыз. Сәбилі болуды армандап жүрген отбасылар зейнетақы жинағы есебінен ЭКО жасау мүмкіндігіне ие болады», – дейді ол.

Жүктелуде...