Коронавируспен бірде-бір адам ауырмаған елді мекен табылды

Коронавируспен бірде-бір адам ауырмаған елді мекен табылды

ашық дереккөзі

 width= Пандемия басталғалы бері Жамбыл облысының Аспара ауылдық округінде бірде-бір адам коронавирусқа шалдықпаған, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Меркі ауданына жасаған сапары кезінде бір қызық дерек белгілі болды. Сонымен есеп беру кезінде ауылдық округтің әкімі Гаухар Оспанбекова пандемия кезінде ауданда коронавирусты жұқтырған бірде-бір жағдай болмағанын мәлімдеген. Аспара, Қайыңдысай және Құмарық елді мекендерінде барлығы 1,6 мың адам тұрады. Ауыл тұрғындары бидай, арпа және беде өсірумен қатар мал шаруашылығымен айналысады. Көкөніс дақылдарының дамуына вегетация кезеңінде суармалы судың жетіспеуі кедергі келтіреді. Аспара 1 және Аспара 3 каналдары кеуіп кетеді. Үш ауылдың екеуінде де ауыз су мәселесі өзекті болып тұр.

Жүктелуде...