Қуат Хамитов: мемлекетіміздің басты проблемасы - олар халықтың пікірімен санаспайды

Қуат Хамитов: мемлекетіміздің басты проблемасы - олар халықтың пікірімен санаспайды

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов өз партиясын ашатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Келешекте ашамын деп ойлағанмын, бірақ менің мемлекетім бұл процесті жылдамдатты. Бұл партия елге кім кінәлі екенін айту үшін құрылмады, партия халықтың дауысын есту үшін құрылды! Біздің мемлекетіміздің басты проблемасы - олар халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені біз еркін елміз ғой", - деп жазды ол.
Ол партия есігі бәріне ашық екенін, әркім де қосыла алатынын мәлімдеді. Жазбасына ол #Партия_Единый_Казахстан хештегін қойған. Сонымен қатар Хамитовке  қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 айға бас бостандығынан шектелді.

Жүктелуде...