Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда жаңадан салынатын 16 аурухананың сызбасы көрсетілді

Қазақстанда жаңадан салынатын 16 аурухананың сызбасы көрсетілді

Қазақстанда жаңадан салынатын 16 аурухананың сызбасы көрсетілді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2025 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда салынады деп жоспарланған халықаралық деңгейдегі 16 жаңа көпсалалы аурухананы көрсетті, - деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі   Tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Ескірген 40 нысанның орнына 16 көпсалалы аурухана салынады - облыстық көпсалалы ауруханалар, қалалық көпсалалы ауруханалар және университеттік клиникалар. Республика бойынша аурухана инфрақұрылымын жаңарту жоспарланып отыр", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Құрылыс жұмыстарының 2025 жылға дейін аяқталатыны айтылады.
Ведомство мәліметінше, әр стационарда науқастарды емдеп, олардың диагнозын анықтау мақсатында заманауи корпустар салынады. Ол бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін дейді.