Дәулет Мұқаев: Басқа адамдарды қамайды, оны қамамайды. Неге?

Дәулет Мұқаев: Басқа адамдарды қамайды, оны қамамайды. Неге?

ашық дереккөзі

 width=
Әлеуметтік желіде Dauletten атымен танылған Дәулет Төлеутайұлының Жанболат Мамайға байланысты жазған жазбасы талқыланып жатыр. Онда ол Жанболат Мамайды ұстамайды, басқаларын ұстайды дегенге келтіреді. 
«Почему то оны ұстамайды, 15 күнге қамамайды» - Дәулет Төлеутайұлы

Белгілі блогер Дәулет Төлеутайұлы жалаулатып билікке қарсы митингке шығып жүрген Жанболат Мамай туралы пікір білдірді.

- Мен Жанболат Мамайдың видеосын көрдім. Митинг жасап жатыр. Сол Жанболат Мамайдың қасындағы адамдардың бәрінің қолын қайырып алып кетеді екен. Бірақ Жанболатқа ешкім тиіспейді екен. Ол қалай сонда? Ол да мүмкін биліктің біз көрмейтін сценарийі боп жүруі де мүмкін ғой. Мен таңқалдым. Инстаграмға салады. Мен ол кісіні сырттан ғана көргенмін. Бетпе-бет сөйлескен де адам емеспін. Әйтеуір көрдім. Маған жіберді Азаттық бар. Видеоларын қараймын бір қағаздар жазып алған. "Шал, кет" деген қағаздар жазып алады. Бірақ, почему то оны ешкім ұстамайды, оны ешкім 15 күн түрмеге қамамайды екен. Ал, енді басқа адамдарды он бес күнге қамап тастайды екен. Неге? Білмеймін, бұл сұрақ. Жанболат Мамайды шақырып қой осы сұрақты - дейді Дәулет Төлеутайұлы.

Жүктелуде...