Алматыда карантин шаралары қайта күшейтілді

Алматыда карантин шаралары қайта күшейтілді

ашық дереккөзі

 width= Алматыда театр мен кинотеатрдың қызметіне тыйым салынды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сілтеме жасап. Қаулыға сәйкес, мәдениет нысандары, ойын-сауық мекемелері, букмекерлік кеңсе қызметіне тыйым салынған. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырған барлық науқас ауруханаға жатқызылады. Дүйсенбі-жұма аралығында сауда және ойын-сауық орталықтары 10.00-20.00 арасында жұмыс істейді, ал сенбі және жексенбіде жабық болады. Жеке тұрған және ірі сауда нысандарындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейді, бір келушіге 4 шаршы метр талабы сақталуы қажет. Қоғамдық тамақтану орындары сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұжымдық іс-шара өткізбей жұмыс істейді. Базарлар 17:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күндері жабылады. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттардың жұмысы шектеледі. Жеткізу қызметі сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.  

Жүктелуде...