
Өкініштісі, осы 300 адамның ішінде жеке пәтерінің қызығын көре алмай, өмірден озғандары да бар. Дегенмен, құрылысты жүргізгендер мұндайды еш пысқырмайды дейді наразы топ. Салымшылар қалада құрылыс компаниясының кеңсесінің жоқтығын айтады. Біз басшыларына хабарластық. Алайда, ешкім тұтқасын көтермеді. Айта кетсек, біздің арна бұған дейін де осы мәселені эфирде көрсеткен еді. Сол кезде мердігердің бірі былай деген болатын.Береке ОСПАНОВ, салымшы
"Былай санап көргенде біз 250-300 адамдай болуға тиіспіз. Семья жандарын санасақ, ол жарты мың, 500 адам солардың тағдыры байланысты болып тұр. Адамдарға баға жағынан тиімді, жағымды баға болған соң, көбісі мен сияқты зейнеткер, көпбалалы аналар".
Дархан ИБРАГИМОВ, құрылыс компания басшысының орынбасары "2021 жылы, ақпан айында жағдайымыз жақсы болса, құрылысты аяқтаймыз. Ал, инфрақұрылым, абаттандыру сынды жұмыстарды мамыр, не шілде айында бастаймыз". Құрылысқа қыруар қаржысын салғандар сол уәдеден кейін де ешқандай жұмыс жүргізілмегенін айтады. Амалы қалмаған салымшылар Целиноград аудандық округінің әкімдігіне де барды. Шенеуніктер сол жерде тағы бір шикіліктің басын ашты. "Комиссия құрылып жатыр қазір. Сіздерге келеді. Білесіздер ғой, қазір құрылыс тоқтады. Сибирская язваның территориясын анықтау үшін межведомственная комиссия құрылып жатыр"Шенеуніктің сөзінше, тұрғын-үй қалашығын ауданында Сібір жарасы дертінен қырылған малды да көмген деген күдік бар. Қазіргі кезде соны анықтау үшін де арнайы ведомствоаралық комиссия жүмы істеп жатқан көрінеді. Ол алдағы екі айда нақты шешім шығармақ. Ал, салымшылар бұл мәселенің қашан шешілетінін білмейді. https://youtu.be/juY-qvUN0Sc