67 жастағы Сапарбаевқа вакцина салуға неге рұқсат етілді?

67 жастағы Сапарбаевқа вакцина салуға неге рұқсат етілді?

ашық дереккөзі

 width= Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жағдайы қалай? Орталық коммуникациялар қызметіндегі тілшілердің бұл сұрағына Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ. - ке сілтеме жасап.

Марат Шоронов өткен аптада біз Жамбыл облысында болғанын, аймақ басшысы өзін жақсы сезінетінін жеткізді. Күш-қуаты мен қайраты толы екенін, өз міндеттерін орындап жатқанын көрдік, деді ол. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары сонымен қатар өңір басшысы өзінің жасына қарамастан неліктен ерікті болып, вакцинаны салдырғанын түсіндіруді ұмытқан жоқ "Біздің неге рұқсат бергенімізге байланысты айтар болсақ, сіздер клиникалық сынақтың демеушісі - осы вакцинаны жасаушының өзі екенін түсінуіңіз керек. Денсаулық сақтау министрлігі бұл кезеңде, яғни еріктілерді таңдау кезінде қарсы көрсетілімдерді анықтамайды: адамдар ерікті вакциналауға және зерттеуге қатыса алады", - деді Марат Шоронов.

Жүктелуде...