Президент: шенеуніктердің қызметтік көліктерін қысқарту керек

Президент: шенеуніктердің қызметтік көліктерін қысқарту керек

ашық дереккөзі

 width= Шенеуніктерге арналған қызметтік көліктердің саны қысқарту керек. Себебі, орталық мемлекеттік орган басшыларына арналған автопаркті ұстауға жылына бюджеттен қыруар қаржы жұмсалады. Мәселен, бір автомобильді күтіп-ұстауға орташа есеппен  6 миллион теңгеден астам қаражат кетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дарақылықтың дендегенін айтып, қызметтік көліктердің санын азайту керек деді. Үкіметке Президенттің мүлкін басқару департаментімен бірлесе отырып, жұбыс бабымен тебілетін көліктерге қатысты жаңа ұсыныстар енгізуді тапсырды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті «Бірқатар елдерде жеке қызмет көрсететін көліктердің орнына ақшалай өтемақы төлеу тәжірибесі енгізілген. Бұл тәсіл "Самұрық-Қазына" қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік көліктердің санын айтарлықтай азайтуға және әкімшілік шығындарды 1,5 миллиард теңгеге азайтуға мүмкіндік берді».
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұдан басқа да қажеттіліктерге ақшаны орынсыз шашуды азайту керектігін атап өтті. Форумдар, имидждік қызметтер, көлік пен жиһаз шығындарын шектеу бойынша атқарылған жұмыстардың әлі де нәтиже бермей отырғанын айтып,  мәселені жүйелі шешуді тапсырды. Тоқаевтың айтуынша, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қажетсіз жобаларды жоспарлайды, ондаған және жүздеген миллиондарға техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалады.
"Бұлай болмайды, осы мәселе бойынша нұсқаулар берген болатынмын - мен осы мәселе төңірегінде жүйелі шешімдер күтемін", деді Президент.
https://youtu.be/vX8tBCAJZK8

Жүктелуде...