Тоқаев қандай жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты

Тоқаев қандай жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егер тиімділігін көрсетсе коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинасы салдыруға дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл жайлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.  Президент алдағы вакцинация науқаны жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма бере отырып, өзге ведомство басшыларына да бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Әрі бейберекетсіздікке жол беріп алмауымыз керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Негізгі екі сұрақ. Вакцинация науқанын өткізуге медициналық мекемелердің даярлығы, екіншісі халық арасында түсіндіру жұмыстары. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі медиктерді оқыту, арнайы стандарт пен вакцинаны қолдану нұсқаулықтары дайын екендігін баяндады. Алайда минус 20 градус температураны қамтамасыз ететін тоңазыту жабдықтары жетіспейтінін атап өтті. Себебі науқанның алғашқы кезеңінде Ресейлік Спутник 5 екпесі қолданылады.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан Республикасының Президенті «Даярлық жұмыстарын талдау барысында вакцинаны сақтауға қажетті тоңазыту жабдықтары көлемінің жетіспейтіндігі  анықталды.  Бұл әсіресе Маңғыстау, Батыс қазақстан және Түркістан облыстарында байқалып отыр. Үкіметке әкімдіктермен бірлесе отырып, қамдануды тапсырамын.  Отандық екпенің нәтижелі болатынына үміт зор. Егер ол тиімділігін көрсетсе мен Қазақстандық вакцинаны салдырамын".
Елдің бас дәрігері қазір өңірлерде тоңазытқыштар алынып, логистикалық мәселелер тексеріліп жатқандығын баяндады. Президент бұл іске басқа министрліктер мен өңір басшылары тізе қосу керектігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша қазіргі ауыр жағдайдан шығудың бірден бір жолы екпе салу, бірақ екпе салуда ешкімді мәжбүрлеу, күштеу болмайды деп ерекше тоқталды. https://youtu.be/vAZFbFzSlpA

Жүктелуде...