
Геленджик тұрғындары Краснодар өлкесінде салынған «Путин сарайын» бұзуды талап еткен петиция жариялады. Петиция Change.org сайтында жарияланды деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Үндеудің авторлары заңсыз құрылысты бұзуды, қала қазынасына айыппұл төлеуді, тікенді сым мен бетон қоршауды алып тастауды және демалуға келген барлық ресейліктерге орманға және жағажайға бару мүмкіндігін қайтаруды талап етті.
Петицияда «Путин сарайы» салынған Геленджик маңындағы аумақта қандай да бір құрылыс салуға тыйым салынғаны айтылған, өйткені 1995 жылғы 23 ақпанда қабылданған заңға сәйкес бұл өлке тау-кен-санитарлық қорғаудың екінші аймағы.