weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Президент мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін жеткізді

Президент мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін жеткізді

Президент мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін жеткізді
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы Тоқаев қазақстандық мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін жеткізді. Тоқаев тарих бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Кітаптардың сапасы бойынша сұрақ көп. Бүгінде мектептерде еліміздің және әлемнің тарих оқулықтары қолданылады, онда көптеген сәйкессіздікті көруге болады. Кей кітапты оқып көрдім және олардың сапасына таңғалдым, - деді ТОҚАЕВ.
Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жағдайлар мен деректер оқушыларға бұрмаланбай жеткізілуі керегін айтты.
 Сондықтан Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деді Президент.
Еске сала кетейік, мектеп оқулықтарына қатысты жауапкершілік Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мойнында. Министр мектеп оқулықтарының сапалы болуына жауап береді.