Навальныйдың «тосын сыйы» оны бостандыққа алып шыға ма?

Навальныйдың «тосын сыйы» оны бостандыққа алып шыға ма?

ашық дереккөзі

 width= Ресейдегі митинг әлі басылған жоқ. Навальныйге бостандық сұрап шыққан халықтың саны күн санап артып жатыр. Ұсталғандар, үстінен қылмыстық іс қозғалғандар мен жарақат алғандар да бар. «Путиннің сарайы» деген атаумен жарыққа шыққан Навальныйдың Youtube-тегі деректі фильмі 6 күн ішінде  91 000 000 көрілім жинады. 91 млн көрерменге Путин де жауап беріп үлгерді. РФ президентінің сөзінше ешқандай да сарайы жоқ. Бұл халықты адастыру дегенге келтірді. 20.08.2020 жыл Томсктен Мәскеуге бет алған ұшақ апатты жағдайда Омбыға қонды. Себебі белгілі оппозиционер Алексей Навальный ауыр жағдайда қаладағы ауруханаға жеткізілді. Кейін анықталғандай оның «Новчиок» тобына жататын умен уланғаны белгілі болды. Арада екі күн өткенде оны Германияға алып кетті. Шетелдік БАҚ беттерінде Навальныйды қастандықпен улаған деген ақпарат тарай бастады. Мұны оппозиционердің өзі де растады. 2021 жылдың 17 қаңтарында Берлиннен Мәскеуге жеткен оны ұстап әкетті. Бұл турасында ресейлік саясаттанушы Аббас Галлямов былай дейді:

«Бұл тор сыртында тұрып арыстанды түрткілеп, ызаландырып алып, артынан қайта есікті ашып, ішке кіргенмен бірдей».
Шындығында, қамауда отырып 91 000 000 көрілім жинайтын деректі фильмді ұсынған Навальныйдың оқиғасы бізге 2004 жылды қайта бір еске салғандай. Бұл жердегі ортақ объект – у. 2004 жылдың күзі Украинаның үшінші президенті Виктор Ющенко 2004 жылдың күзінде, президент сайлауына бір айға жуық уақыт қалғанда уланады. BBC-ге берген сұқбаттарының бірінде ол уды күрішке қосып бергенін айтады.  width= Дәл осы қастандықтан кейін № 49-1361 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тек Ющенконың уланғанын растайтын айғақ табылмады. Ал президент өзі BBC журналисінің «Кімнен күдіктенесіз? Путиннің сізді улау туралы бұйрық бергеніне сенесіз бе?» деген сұрағына: «Шынымен де, бұл әрекетті жасағандар Украинада емес. Ал бұл сұраққа менің жауабым бар, бірақ айта алмаймын» деген. Грузияның және Украинаның мемлекет қайраткері әрі 2004-2013 жылдар аралығында Грузияны екі мерзім басқарған президент Михаил Саакашвили өзінің «Пробуждение силы» атты кітабында Ющенконы улаған Путин дегенді келтіреді.  width= «Ющенкео Путинмен болған алғашқы кездесуден кейін онымен бірге жұмыс істеуге болатынын айтты. Мен де оған бір жыл бұрын солай ойлағанмын деп жауап бердім. 2004 жылы оны улаған Путин ғой. Ющенконың бұл жайында хабардар екенін білемін, тек ол осының бәрінің белінен басып, жомарттық танытты», деп жазады.  width= Саакашвилидің еңбегін оқып отырып тағы бір дерекке көз түсті. Онда автор Путинді аяқастынан болатын оқиғаларға тез жауап бере алмайды, ол мүлде жылдам қозғалатын адам емес деп суреттейді. Саакашвили 2014 жылы Қырымды алып қойған кезде таңқалмағанын жазады. Себебі бұл туралы ол 2008 жылы ескерткен, алайда ешкім сенбеген. Оған қарсы тарап татарлар Қырымды беріп қоймайды дегенге келтірген. Оның жазуынша, Қырымды басып алу 2015 жылы болатын президент сайлауына арнайы дайындалған. «Менің тәжірибемде» деп жазады Саакашвили «Путин аяқастынан ештеңе ойлап таба алмайды, ол мүлде жылдам қозғалмайтын адам» дейді. Навальныйды тұтқындап, үнін өшіру ойластырылған болар, алайда билік  оның деректі фильмін немесе «тосын сыйын» күтпеген секілді.  Дәл қазір қандай шара қолдану туралы жоспар қаралып жатқан болуы да мүмкін. Оның сыртында Ресей президентінің «ешқандай сарайым жоқ» деп жауап беруінің өзі бәрін теріске шығаруға, халықты басуға бағытталған тактика емес пе?!  width= Бұл тек біз ойлап отырған сценарийдің бергі беті. Бұл мәселеде қайтадан Саакашвилиге оралайық. Оның жазуынша, Путин Қырым мен Донбастағы назарды басқа жаққа аудару үшін Сирияға аттанады. Ондағы мән мынада: ол Сириядағы әскерін шығарады, Батыс Ресейге салған санкциясына алады. Соған қарағанда, америкалықтар оған Донбастан әскерді шығарған жағдайда санкцияны алып тастайтындарын жеткізген секілді. Қорыта келгенде, Путин назарды басқа жаққа аударатын сценарий қарастырып жатқан болуы да мүмкін. Себебі Навальныйды қамау немесе соттау оған тиімсіз. Неге десеңіз, ЕО мен АҚШ-тың су жаңа президенті Джо Байденнің кеңесшілері Навальный бостандыққа шықпаса Ресейге жаңа санкциялар дайындап жатқанын жеткізген болатын. Навальныйдың «тосын сыйы» оның бостандыққа шығуына кепіл болуы да мүмкін.

Марғұлан АҚАН

Жүктелуде...