Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тәжікстанда коронавирус жойылды – Эмомали Рахмон

Тәжікстанда коронавирус жойылды – Эмомали Рахмон

Тәжікстанда коронавирус жойылды – Эмомали Рахмон
ашық дереккөзі
 width= Тәжікстан коронавирусты жеңгенін мәлімдеді. Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмон айтты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
"Тәжікстанда коронавирус жоқ, толығымен көзі жойылды", - деді мемлекет басшысы.
Алайда ел президенті жергілікті тұрғындар санитарлық талапты сақтап жүруі керегін айтты.
"Босаңсып, қауіпсіздік және қоғамдық гигиена шарасын ұмытпауымыз керек", - Эмомали Рахмон.
Оның айтуынша, Тәжікстан өткен жылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдау мақсатында 1,6 миллиар сомони бөлініп, елде шұғыл түрде 30 жаңа аурухана пайдалануға берілген. Тәжікстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде соңғы 15 күнде коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген. Жалпы, ресми дерек бойынша, Тәжікстанда 13 мың адамнан коронавирус анықталса, 90 адам қайтыс болған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату