Экс-депутат Әлтаев: Тоқаев мырза президент ретінде шешім қабылдауы керек

Экс-депутат Әлтаев: Тоқаев мырза президент ретінде шешім қабылдауы керек

ашық дереккөзі

 width= Экс-депутат, «Ел тірегі» партиясының Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұржан Әлтаев Orda Life каналының «Ар ұждан» жобасына сұхбат берді. Нұржан Бауыржанұлының айтуынша, Әділет министрлігі әртүрлі сылтау айтып партияны тіркеуден өткізбей жатыр. Алайда ол егер билік партиясын тіркемесе алаңға шығуға дайын екенін ескертті. Сұхбаттың қысқа нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.  width= – «Nur Otan» мүшелері саналатын «Ел Тірегінің» жетекшілері елде реформа жүргізу қажет екенін мәлімдеді. Әйтсе де елде саяси реформа жүрмегені белгілі. Бұған сіз кімді айыптайсыз? Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты ма, жоқ әлде президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ма? – Ең біріншіден Коституция бойынша Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мұндай мәселелермен айналысуға құқылы емес. Конституция бойынша президент өзінің функционалдық қызметтерін атқару керек. Президенттен бастап Үкіметке дейін реформа жүргізуге жауапты. Өзінің аузыңмен айтқан уәдеңді орындауың керек. Әйтпесе оның бәрі көзбояушылық болып жатыр. Үкімет пен әкімдер де өзгеріп жатқан жоқ. Әкімдер халықтың көкейінлегі мәселелерді шешкісі келмейді. Тек қана президентке қарап, президенттің көзін бояп, құлағынан теуіп жүр. Президент келгенде өтірік зауыттарды ашып, жолдары жамап жатады. Сондай-ақ халық не ойлап, не тұрмыс кешіп жатыр деген сұрақ әкімдерге маңызды емес. Осылай жұмыс істеп жатқан әкімдер өзгермейді. Мұның бәріне түбегейлі саяси реформа керек. Халық депутаттардан бастап әкім мен министрге дейін сайлауы қажет. Сонда ғана әкімдер мен шенеуніктер халықтың мүддесін қорғап, халықтың алдында абырой іздей бастайды. – Жұрт арасында «Президент Тоқаевқа экс-президент Назарбаев жұмыс істетпей отыр» деген сөз айтылып жатады. Сіз Тоқаевқа жұмыс істетпей жатқан Назарбаевты неге айыптамайсыз. – Менің ойымша, Тоқаевтың жұмыс істеуіне Назарбаев кедергі болып отырған жоқ. Бірақ

Жүктелуде...