Басы шабылса да 18 ай өмір сүрген әлемдегі жалғыз тауық

Басы шабылса да 18 ай өмір сүрген әлемдегі жалғыз тауық

ашық дереккөзі

 width= Адамдар тауықтың басы кесіліп тастаса да, дереу өлмей бірнеше минут өмір сүре алатынын біледі. Тіпті кейбір тауықтар басы жоқ болса да біраз уақыт жүгіріп барып жерге құлайды. Олай болса тауық деген жануар басы жоқ болса да өмір сүре алатын толық мүмкіндігі бар екен. Себебі, оның негізгі миы басында емес, бас сүйегінен 45 градус төмен орналасқан. Басқаша айтқанда, тауықтың мойнында оның жүйке құрылымы, қабылдайтын, жауап беретін және қозғалысты басқаратын бөліктері орналасқан. Сондықтан, тауықтардың көпшілігі сол сәтте өлмей басы кесілсе де біраз уақыт тірі жүре алады екен. Алайда басы кесілгеннен кейін аз уақыт емес, 1 жыл 6 ай бойы өмір сүрген жалғыз тауық тарихта тізімделіпті. Оқиға былай басталды. 1945 жылы 10 қыркүйекте АҚШ-тың Колорадо штатының тұрғыны Ллойд Олсен (Lloyd Olsen) тауық сорпасын дайындау үшін өзінің фермасындағы 5 айлық тауығын құрбандыққа шалуға шешім қабылдайды. Содан бері тауыққа Майк (Mike) есімі берілді, ал адамдар оны кейде «таңғажайып Майк» деп те атайды. Қожайыны оның басын кесіп тастады, бірақ Майк сасқалақтап біраз жүгіреді де, көп ұзамай әдеттегідей әрекет етіп, сабырлы қалыппен жүре бастайды. Былайша айтқанда, ол өлуден бас тартты. Тауықтарды өлтіре алмаған фермер оның жанын қалдыруға шешім қабылдап, басқа тамақ пісіріп жеп, тыныш ұйықтады. Ең таңқаларлығы, келесі күні таңертең Майк өлмепті, тіптен ауырсынған, нашарлаған белгілер де байқалмапты. Сондықтан Олсен тауықта болған ғажайыпты құр жіберіп алмауға шешім қабылдап, оны тірі қалдыру үшін оған аздап су, сүт және бидай сынықтарын бере бастады. Оны тамақтандырғанда көзге арналған тамшылататын құралмен тамақ берілді. Қожайыны басын кескен кезде вена қан тамырына зақым келмегендіктен тауық қансырап өлмегені белгілі болыпты. Тауық көру қабілетінен және миының кішкене бөлігінен айырылғанымен басқа жері зақым алмапты. Бірақ соқыр болғандықтан оның қимылдары сәл болбырлау екен. Тауық туралы жергілікті газетке шыққаннан кейін көп ұзамай Майк пен оның иесі Ослен жұлдызға айналды. Бұл жаңалық бүкіл Құрама Штаттарына тарап, халықтан штаттарды аралап тауығын көсетуге тілек білдіре бастапты. Иесі де ықыласпен келісім берді. Олар штаттан штат, қаладан қала аралап үлкен атаққа ие болды. Адамдар оның тауығын көруге, тіпті онымен бірге суретке түсуге ақша төледі, ал Майк иесіне айына 4,500 доллар тауып бере бастады. Сонымен қатар, «Time» және «Life» журналдарында жарияланып тауықты 10 000 долларға сатып алу туралы ұсыныс та жасалды. Өкінішке орай, Майктің 18 айлық саяхаты Аризона штатындағы Финикс қаласында аяқталды. 1947 жылы 17 наурызда Феникске экскурсия жасау кезінде олар кішкентай қонақүйде Майк жүгері үгіндісі тамшысына тұншығып, тамағы бітеліп, дем ала алмай өліп кетті. Дәл сол уақытта иесінде оның өмірін сақтап қалуға арналған құралдар болмапты.  width= Осы оқиғадан кейін Олсен баспасөзге Майктың өлгенін айтпауға шешім қабылдап, оны журналистерге сатып жібергені туралы өтірік хабарлайды. Осы күнге дейін тауықтың туған жері Колорадо штатындағы Фрита (Fruita) ауылында «Бассыз тауық» атты қоғамдық шара өтіп келеді және Фрита ауылында Майкке ескерткіш те тұрғызылды.

Аударма:a-toishybai@mail.ru Ақпарат көзі: The Guardian

Жүктелуде...