
30 қаңтардан бастап
«Алматы» телеарнасынан қазақ әнінің бар қадір-қасиетін бойына сіңірген еліміздің танымал дәстүрлі әншілері, жыршы-термешілері мен күйшілерін тоғыстыратын
«Дала сазы» бағдарламасы көрерменге жол тартады, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән мен күйдің алар орны ерекше. Бағдарламаның
мақсаты да атадан балаға мұра болып келе жатқан, қасиетті қара даламызды ғасырлар бойы тербеп тұрған төл өнеріміз – дәстүрлі ән, жыр-термелерді, күйлерді одан әрі дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізу, атамұра өнердің қасиетін сезіну. Сонымен қатар, халқымыздың мәдениеті мен тарихының бір бөлігі – ұлттық аспаптардың ерекшелігі – үш ішекті домбыра мен сырлы сыбызғы үні, шертер мен жеті ішекті шертпелі аспабы жетігеннің тылысым әуені, дабылдың дауысы т.б. айтылмақ.