Тарихшы жастармен жағаласып жүрген қарттарға үндеу жасады

Тарихшы жастармен жағаласып жүрген қарттарға үндеу жасады

ашық дереккөзі

 width= Тарих ғылымдарының докторы әрі профессор Жамбыл Артықбаев зейнет жасына жеткен жандарға үндеу жасады, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі автордың әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап. Жамбыл Артықбаев өз үндеуінде пенсия жасына жеткен қарттарды, әсіресе креслодан түспейтін, жастармен жағаласып жүргендерді Бурабай - Шортанқалаға көшіп келуге шақырды.

Осы постты пайдаланып мен бір үндеу жасағым келіп тұр. Сіздерге айтарым, әсіресе пенсия жасындағылар, әсіресе креслосын, одан түсетін пайдасын бергісі келмей, жастармен жағаласып жүргендер, пендешілікті қоямын десеңіз Бурабайға-Шортанқалаға көшіп келіңіз. Өмір бойы мемлекетті, қоғамды, қарамағыңыздағыларды еміп келесіз, олар да мезі болды сізден, енді сол жинағаныңыздан ел бір пайда көрсін. Мына жерде мамандығыңыз бойынша бір бастама жасаңыз. Мен тарихшымен қолымнан келгені музей болды, сіз театрдың режиссеры шығарсыз, неге шағын ғана қазақ театрын ашпасқа ?!
 width= Бұдан бөлек автор ондағы этнос өкілдерінің көшіп жатқанын жазып, үйлердің сатылымға қойылғанын, 300-ге тарта үйдің кезекте тұрғанын қоса кеткен.
Өзге этнос өкілдері, әсіресе жағдай жасап алғандары Ресейдің батыс жағына, Еуропаға кетіп жатыр. Бір ғана Шучинскіде 300 үй сатылады, ОЛХ – тен қараңыз, 5 млн -25 млн аралығында, немесе өзіңіз салып аласыз. Ең бастысы сіз түк істемесіңіз де солтүстік өңірге қазақи өң және тіл бересіз. Тіпті Бурабай-Шортанқала емес, одан әрі Қызылжар тартып кетсеңіз де болар еді. Ол жақтың табиғаты бұдан кем емес, жан-жағыңыз орман –тоғай, өзен-көл.
 width= Жамбыл Артықбаев Шучинскіде музей ашып, оны дамытуды қолға алғанын жеткізген. Тіпті болашақта  түркі-моңғол халықтарының сакралды этнографиясының музейін ашуды көздеп отыр.  width= Суреттер автордың парақшасынан алынды.

Жүктелуде...