width= Ресей елінде жергілікті халық Алексей Навальныйды бостандыққа жіберуді талап етіп, наразылық акциясына шықты. Кейбір мәлімет бойынша, Владивостокта үш мыңға дейін адам наразылық білдіруге шыққан. Алайда өңірлік әкімшілік бұдан аз санды көрсетіп отыр. «Алдын ала мәлімет бойынша, митингке 300 адам, ал шеруге 500-ге жуық адам шыққан», — деп хабарлайды «Интерфакс».