Ержан Куркеев: Жедел жәрдем шақырттыңыз ба?

Ержан Куркеев: Жедел жәрдем шақырттыңыз ба?

ашық дереккөзі

 width= Newsroom.kz ақпарат порталы республикалық деңгейде ең қысқа әңгімеге байқау жариялаған болатын. Байқауға алғаш түскен автордың шығармасын сіздерге ұсынып отырмыз. Куркеев Ержан Маралұлы (Маралдың Ержаны). 1991 жылдың 25-ші қаңтарында Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің PhD докторантымын және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері. Ұсынылған біртартпа әңгімелер өмірден алынған. Белгілі себептерге байланысты кейіпкерлердің аты-жөндері өзгертіліп, не дәл солай да берілді. Жедел жәрдем шақырттыңыз ба? Ол өте асығыс еді, сондықтан бағдаршамның қызыл түсіне «зып етіп» жүгіріп өте шықпақ болды. Жедел жәрдем көлігі де қатты жылдамдықпен ызғытып келе жатты. Көз алды жарқ етті де, ақ халаттылар жүгіріп түсіп көмек көрсете бастады. Ол өмірінде қанша рет жедел жәрдем шақыртса да, дәл осылай тез келе қойғанын көрмеген еді... Тәжірибелі хирург жұмыс іздейді... «Ой, біз деген әжетханада темекі шегіп, сабақтан қашып жүруші едік. Студент шақтың бәрі тек клубта өтті ғой. Сабақта ұйықтап отыратынбыз» - деп, әңгімесін қыздыра түсіп, шәйін ұрттай бергені сол еді. Есік ашылып: «Күнтуған Нұртуғанұлы, реанимацияға науқасты әкелді. Шұғыл ота жасау керек», - деген соң орнынан тұрып кетті. Жас келсе істе... Ол асқынған пневмониядан емделу үшін емханаға келген еді. Дәрігер «сіздің организм жас, өзіңіз үйде емделіңіз» - деп, #біз_біргеміз деген плакат ілінген есігін ішінен жауып алды. Оята саласың ғой! Ол сәресіне дейін сәл тынығып алмақ болды. Бұл оның өміріндегі ең үлкен қателігі еді. Ақ пен қара Ол қолындағы шылымын асығыс тарта бастады. Ауыз бекітуге 9 минут қалған еді...

Ескерту: Дауыс беру үшін тақырыптың астында тұрған жұлдызшаға басыңыз.

Жүктелуде...