Депутаттардың айлығы қанша?

Депутаттардың айлығы қанша?

ашық дереккөзі

 width= Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Тенгриньюс" ақпараттық порталына берген мәліметінде осылай делінген. Ал, 2019 жылы халық қалаулылары ай сайын 684 874 теңге алып келген болатын. Атап өтейік, Мәжілістегі депутатар саны  107 , ал сенатта 49 депутат бар. Олардың барлығы Үкімет тарапынан тегін баспана, қызметтік көлік және өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Мәжілісмендер ақы төленетін басқа да қызметтерді қоса атқаруына болмайды. Бұл ережені бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

Жүктелуде...