Тіс пастасының ішіне есірткі жасырғандар анықталды

Тіс пастасының ішіне есірткі жасырғандар анықталды

ашық дереккөзі

 width= Тараздағы ЖД-158/7 мекемесіне келген азаматтың сәлемдесінен есірткі заты табылды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Polisia.kz. -ке сілтеме жасап. Ерекше режимдегі мекеменің ережесін бұзғандар сәлем-сауқат арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған. Мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында күдікті затты байқап, оны жіті тінту кезінде екі тіс жуатын пастаның ішінен барлығы сегіз пластикалық түтік тауып, олардың ішінде қою-қоңыр түсті, өсімдік тектес иісті зат бар екендігін анықтаған. Атаулы сәлемдеме бұрын сотты болған Ш. есімді азаматтан мекемедегі жазасын өтеушінің біріне жолданыпты. Қазіргі таңда сот-сараптамалық талдаудың қорытындысына сәйкес, күмәнді зат 17 грамм “гашиш” есірткісі екендігі анықталып отыр. Қылмыстық дерек бойынша оқиға орнына Тараз қалалық 1-полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, заңды бұзған азаматты ары қарай тиісті жазаға тарту үшін жұмыстар жүргізілуде.

Жүктелуде...