Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі Үкімет сайтына сілтеме жасап. Еңбек жолы: 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып басталған. 1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2008-2012 жылдары - ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы. 2012-2013 жылдары - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 2013-2015 жылдары - ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары - Шымкент қаласының әкімі. 2017-2018 жылдары - "Нұр Отан" партиясының хатшысы. 2018-2019 жылдары - Шымкент қаласының әкімі. 2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Жүктелуде...