Коронавирусқа қарсы күреске ӘМСҚ 168 млрд теңге бөлген

Коронавирусқа қарсы күреске ӘМСҚ 168 млрд теңге бөлген

ашық дереккөзі

 width= Ковидке қарсы күреске деп әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры 168 млрд теңге бөлген.  Қаражаттың басым бөлігі алғы шепте жүрген ақ халаттыларға төленген үстемақыларға тиесілі.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп, бірнеше минут бұрын ғана аяқталған брифинг барысында сақтандыру қорының өкілдері мәлімдеді.  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Халық саулығына жауапты ұйымның атқарған жұмыстары аз емес екен. Тұрғындарға 215 млн қызмет түрі көрсетілген.  132 мың адам медициналық оңалтудан өткен. Барлығы мед сақтандыру қоры қыржысының есебінен жүргізіліпті. Одан бөлек, өткен жылы сақтандыру қорына мүше жандардың қатары 1 млн-ға артып,  15 млн 900 мыңға жетті. Сөйтіп медициналық сақтандыру ұйымына  түскен жарналар мен аударымдардың жалпы соммасы  550 млрд теңгені құраған. Қорда жиналған қаражаттың 168 млрд теңгесі ковидпен күреске деп бөлінгені бұған дейін де айтылған еді. Басым бөлігі дәрігерлердің үстемақысы мен вируспен ауырған пациенттердің еміне жұмсалған.

Болат ТӨКЕЖАНОВ, "Әлеуметтік Медициналық сақтандыру қоры"  АҚ Басқарма Төрағасы «Қордың қаржылық оператор 18 707 млрд астам қаражат бөлінген. 11 млрд теңгесі медицина қызметкерлерінің үстемақысы, медициналық қызметке 54 млрд теңге. 384 мың теңге емделуге жұмсалды. ПТР диагностика 2 млрд теңге».
Сондай-ақ, сақтандыру қорының басшысы биылғы жоспарларымен де бөлісті.  Биыл әсіресе, ауылдық жерлерде  көптеген жұмыстар атқарылатынын айтып, алдағы уақытта халық мед сақтандырудың шарапатын көреді деп уәде етті.  Ал ол жағын енді уақыт көрсетер. https://youtu.be/D8eutpzOgQg

Жүктелуде...