weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Полицейді капотында сүйреген ер адам сотталды

Полицейді капотында сүйреген ер адам сотталды

Полицейді капотында сүйреген ер адам сотталды
ашық дереккөзі
 width= Ақмола облысында полицейді капотында сүйреген ер адам сотталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Полиция мәліметінше, оқиға былтыр 14 ақпанда болған. Полицейлер  Chevrolet Aveo жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру кезінде полицейлер ер адамның алкогольдік және есірткілік мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен үш рет айырылғанын анықтаған. Полицейлер көлікті арнайы тұраққа жіберу үшін акті толтырып жатқан сәтте, ер адам полиция бөлімінің ғимаратынан шығып, көліктің артына отырып, жасырынуға тырысқан. Полиция қызметкері көлікке жүгіріп барып, жүргізуші есігін ашуға тырысқан. Алайда жүргізуші тоқтамай, полицейді капотында сүйреген. «Сот шешімімен 24 жастағы сотталушы Қылмыстық кодекстің 380-бабы («Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану») және Қылмыстық кодекстің 378-бабы («Билік өкілін қорлау») бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.