Қазақстанда медициналық қызметкерлердің 30 пайызы немесе 820 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат сайтын смілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.
«Медициналық қызметкерлердің 30 пайызы немесе 820 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Әсіресе, орташа және кіші медициналық қызметкерлер көбірек ауырған»- деп атап өтті Т. Сұлтанғазиев facebook желісінде өткен онлайн брифингте. Сонымен бірге, спикер инфекциялық стационарға қарағанда әдеттегі емхана мен аурухана қызметкерлерінің жиі ауыратынын айтты.
«Жұқпалы аурулар ауруханасында мамандар жеке қорғаныс құралдарымен жүреді және инфрақұрылымның өзі «таза» және «лас» аумақтарға бөлу мүмкіндік береді. Ал емханалар мен көпбейінді ауруханаларда мұндай бөлу қиынға соғады.
Оның үстіне келушілер саны көп, олардан вирус жұқтыру ықтималдығы да артады. Тәулік бойы ғимараттағы медициналық мамандар ықтимал науқастармен бір ауаны жұтуға мәжбүр», - деді Т. Сұлтанғазиев.