weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Newsroom.kz порталы ең қысқа әңгімеге республикалық байқау жариялайды

Newsroom.kz порталы ең қысқа әңгімеге республикалық байқау жариялайды

Newsroom.kz порталы ең қысқа әңгімеге республикалық байқау жариялайды
ашық дереккөзі
 width= Newsroom.kz порталы ең қысқа әңгімеге республикалық байқау жариялайды Newsroom+ақпарат агенттігі республикалық деңгейде өмірден алынған, шынайы оқиға желісіне құрылған ең қысқа әңгімелерге байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты: Жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау. Қаламы қарымды жастарды ынталандыру, ой түкпірінде жатқан тың идеяларын халыққа ұсыну. Жастардың кітап оқуға деген ынтасын ояту. Байқаудың шарты: - 16 мен 35 жас аралығындағы кез келген жас аталған байқауға қатыса алады; - Ең қысқа әңгіме 2200 символдан аспауы керек (міндетті талап); - Ең қысқа әңгіменің желісі өмірден алынған, шынайы оқиғаға негізделуі тиіс (шынайы кейіпкерлердің аты-жөнін өзгертіп беруге болады); - Байқауға қатысушылар 2 Word құжат жіберуі тиіс: 1. Автор туралы шағын ақпарат (байланыс нөмірі, электронды поштасы, биография). 2. Байқауға қатысатын шығармасы. - Қатысушылардың барлық шығармасы Newsroom.kz порталында жарияланады. - Жеңімпаздарды анықтау онлайн дауыс беру арқылы және ұйымдастырушылар тарапы келіскен әділқазылар тарапынан жүзеге асады; - Байқауға шығармалар 15 қаңтар мен 20 ақпан (2021) аралығында қабылданады. - Шығармаларға дауыс беруге қосымша тағы 3 күн уақыт беріледі. 23 ақпан күні дауыс беру толық аяқталады. - Жеңімпаздарды анықтау және оларды марапаттау да онлайн өтеді. - Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат 2021 жылдың 25 ақпанда сайт бетінде жарияланады. - Байқау жұмыстарын сайттың info@newsroom.kz, margulan9308@gmail.com почталарына жіберу керек. Марапаттау:

Байқау жеңімпаздарына І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом беріледі;

І орын: 50 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат ІІ орын: 30 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат ІІІ орын: 20 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат

Қосымша сұрақтар бойынша: 8747-960-76-66