Ол – Павлодар қаласындағы Назарбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны екен. Ол өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.
«Балконда от жағып, кәуәп пісірген азамат өрт қауіпсіздігі ережесін бұзып, басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты», - делінген ақпарда.