Қарт әке-шешесіне қатігездікпен қол көтеретіндердің саны көбеюде

Қарт әке-шешесіне қатігездікпен қол көтеретіндердің саны көбеюде

ашық дереккөзі

 width= Елде қарт анасына қол көтеріп, қатыгездігімен көзге түскен қыз-жігіттердің қатары артып барады. Тек соңғы екі аптаның өзінде бауыр еті баласынан қорлық көрген қариялардың шағымы Петропавл, Шымкент пен Түркістан қалаларында тіркелген. Сонда бейнетінің зейнетін көрер шақта, өз перзенті өзегінен теуіп, өмірін ойран қылатындай қарттардың не жазығы бар? Аялап өсірген анасын  аяусыз сабағандар қандай жауапкершілікке тартылады? Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ал құрсағында 9 ай 9 күн көтеріп,  ақ сүтін берген, кейін өскенше мейірімін аямай төккен мына кейуананы туған қыздары үйлеріне сыйдыра алмай жүр.  Сөйтіп аналары «кет» деген шартқа көнбегесін, жұдырықтың астына алған. Енді қарияның қолы сынып, денсаулығы сыр бере бастады. Ал мына оқиғаның нақты қайда және қашан болғаны белгісіз. Анығы артық қыламын деп, тыртық қылғанның керісі.  Өкініштісі, бұл тек соңғы екі аптада  болған оқиғалар.  Білетіндер  түйткілдің түп-төркіні  тәрбиеге келіп тіреледі дейді.   Не ексең, соны орасың.

Қарлығаш БЕКПАТША, Қоғам белсендісі «Қауын егіп, қарбыз алмайсың. Мейірім ектің бе, мейірім аласың, қатыгездік ектің бе, қатыгездікті 100 есе көп аласың. Дүние дөңгелек. Бүгінгі нәрсе, ертең міндетті түрде алдыңнан шығады»
Алайда солай-ақ деп, ата-анасын аяусыз сабағандарға көз жұма қарай салған болмас.  Заң бойынша жауапкершілік көзделген.
Айдос ШӘРІПЖАНОВ, Заңгер «Егер де мысалы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анаға бала қандай да бір қол жұмсау арқылы денсаулығына зиян тигізетін болса, ол жалпыға бірдей ҚҚ байланысты толық жауапкершілікке тартылуы міндетті».
Дегенмен,  көп жағдайда ата-ана баласына арыз жазбайды екен.  Мәселені жабулы қазан күйінде қалдырып, кешіре салғанды құп көреді. Алайда заң алдында болмаса да, Жаратқан алдындағы жауаптан қаша алмайтыны анық. Білетіндер солай, дейді.
Қарлығаш БЕКПАТША, Қоғам белсендісі «Егер ата-анаға қызмет етпей, сен Аллаға құлшылық еткенің оның құны көк тиын. Егер сен ата-анаңа солай зәбір көрсетіп, мешітке барып садақа берсең, намаз оқып, ораза ұстағаның оның ешқандай да құны болмайды. Өйткені ата-ана Алладан кейінгі бірінші кезектегі орын».
https://youtu.be/CMtO82NKS08  

Жүктелуде...