Елімізде вакцинациялау тәртібі қалай болады?

Елімізде вакцинациялау тәртібі қалай болады?

ашық дереккөзі

 width= Қазақстанда 2 миллион адамды вакциналау 6 кезеңге бөлінді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді6 деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz -ке сілтеме жасап. Бірінші кезеңге медицина қызметкерлері, екінші кезеңге педагогтар, яғни 150 мың адам вакцина алады. Сәуір айында мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдарға екпе егіледі. Мамыр айында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс миністрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері вакциналаудан өтеді. 5-кезеңде балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдарға екпе салынады. Алтыншы кезеңде қалған адамдар вакцина алуы тиіс. Денсаулық сақтау министрі жүйелі есепке алу мақсатында вакцина салдырған жандар үшін электрондық паспорт әзірленгендігін айтты.

Жүктелуде...