Қазақстанның тағы бір спортшысы допинг дауына ілікті

Қазақстанның тағы бір спортшысы допинг дауына ілікті

ашық дереккөзі

 width= Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов допингке қатысты спорттан уақытша шеттетілді деп хабарлайды, - Newsroom+ақпарат агенттігі. IWF Халықаралық ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, бүгін Ниджат Рахимовқа Халықаралық допингті тестілеу агенттігі (ХТА) 2016 жылы белгілі бір уақыт аралығында допингке қарсы ережені "сараптама затын (кіші дәрет) алмастыру" (IWF допингке қарсы ережелерінің 2.2 бабы) арқылы бұзды деп айыптайтыны хабарланды. Бұл оқиға Рахимовтың алтын медаль ұтып алған Риодағы Олимпиада ойындары кезінде болды ма, әлде оған дейін бе, ол жағы, әзірге белгісіз. Сондай-ақ, дәл осындай айыптаумен Еуропа-2017 чемпионы румындық Думитру Каптари де спорттан шеттетілді. Айта кетсек, 2013 жылы Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген болатын.

Жүктелуде...