Сенатор: мемлекеттік қызметкерлер калифорниялық жол сақшысы тәрізді бола алады

Сенатор: мемлекеттік қызметкерлер калифорниялық жол сақшысы тәрізді бола алады

ашық дереккөзі

 width= Сенатор Ақылбек Күрішбаев дамыған батыс елдері мен Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің айырмашылығын айтты.
Осыдан бірнеше жыл бұрын аты әлемге белгілі Дейвистегі Калифорния университетіне іс-сапармен барғанбыз. Сол кезде жоспарланған бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтарын көру үшін көлікпен жүруге тура келді.  Жолда бізді жол сақшысы (police) тоқтатты. Көлікті жүргізіп келе жатқан америкалық ғалым-әріптесім мәселенің мән-жайын білмекке, жол сақшысымен бірер минут сөйлесті. Біз абайсызда жылдамдықты асырып алыппыз. Менің: "бізге қанша айыппұл салды?» деген сауалыма жолсерігім: "ол бізге бас салып айыппұл салуға міндетті емес екенін айтты,- дейді Ақылбек Күрішбаев.  
Өйткені, қасындағы жолсерігі біріншіден, «police» – мемлекеттік  қызметкер екенін жеткізген. Оның міндеті – жол қауіпсіздігін қадағалау.  Екіншіден, ең негізгісі, ол біздің еңбек етіп тапқан табысымыздан түскен салыққа күн көріп отыр. Police қызметкері бізге тек жылдамдықты асырмауды және бұл өзіміз бен өзгелердің өміріне қауіпті екенін ескертті деп түсіндірген.
Таң қалдым. Нағыз халыққа қызмет деген осы! Оларда бюджет қаражатын «халықтық ақша» деп атайды. Дамыған елдерде осындай көзқарас қалыптасқан.Ал бізде кейбір мемлекеттік қызметкерлер мен билік өкілдері қарапайым халықтың қолы жетпейтін, аспандағы адамдар тәрізді болып жүреді. Өкінішке қарай, біздің қоғамда осындай әдеттер қалыптасып қалған,- дейді сенатор.
​Оның айтуынша, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер калифорниялық жол сақшысы тәрізді бола алады. Ол үшін билік өкілдері халықпен санасып, халықтың сөзіне құлақ түруі керек.

Жүктелуде...